Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталуына байланысты дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Мамандардың мәліметінше, 23 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының шығыс жартысында, сондай-ақ Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күннің бірінші жартысында Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің орталығында 20 м/с жетеді. Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. 23-24 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жүктелуде...