Дәурен Елеусінов армениялық боксшымен кездеседі

Дәурен Елеусінов армениялық боксшымен кездеседі

Дәурен Елеусінов армениялық боксшымен кездеседі
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов Алматыда жекпе-жек өткізеді деп хабарлады  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 36 жастағы отандасымыз 2 қазан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шаршы алаңға шығады. BoxRec.com порталының мәліметінше, Дәуреннің қарсыласы 39 жастағы армениялық Арам Варданян (2-2, 2 КО) болады. Супер орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Бұл қазақстандықтық боксшының 2022 жылғы екінші жекпе-жегі болмақ. Айта кетейік, Дәурен кейінгі жекпе-жегін 30 шілдеде Нью-Йоркте өткізді, онда америкалық Джуниор Юнаннан (17-0-1, 11 КО) жеңіліп қалды. Алматыдағы бокс кешін Boxing Stars Management промоушені ұйымдастырады.