Кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн белгілі болды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 3-1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
  5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлықта.