Қытайдан ЭКСПО-2017 көрмесіне 350 мың турист келеді

Қытайдан ЭКСПО-2017 көрмесіне 350 мың турист келеді

Қытайдан ЭКСПО-2017 көрмесіне 350 мың турист келеді
ашық дереккөзі
2017 жылы қытайлық туристерге «ЭКСПО-2017» көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туады, деді Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев осы елдің халықаралық саудаға іс-қимыл жасау комитеті (ХСІЖК) ұйымдастырған брифинг барысында. ҚР СІМ-де хабарлағандай, Шахрат Нұрышев өз сөзінде жиналғандарды көрмеге дайындық барысымен таныстырды, ЭКСПО-2017 көрмесін мазмұндық жағынан толтырудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді және барлық жиналғандарды іс-шараға белсенді қатысуға шақырды. «2017 жылы екіжақты туристік ынтымақтастықты дамыту аясында қытайлық туристерге ЭКСПО-2017 көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туады», – деп атап өтті Шахрат Нұрышев. ҚХР павильонының ұлттық комиссары, ХСІЖК төрағасының орынбасары Ван Цзиньчжэнь Қытай павильонының тұжырымдамасымен таныстырып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қытайдың мұнай-химия, күн, ядролық және жел энергетикасы саласындағы «CNPC», «State Grid corporation», «CGN», «Zhejiang Energy», «CGL» сияқты ірі энергетикалық компаниялары өнімінің экспозициясы ұйымдастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ Ван Цзиньчжэнь ХСІЖК болжамы бойынша 350 мыңға жуық Қытай азамат ЭКСПО-2017 көрмесіне келетінін мәлімдеді. Брифинг қорытындылары бойынша ХСІЖК басшысы Цзян Цзэнвэймен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, алдағы кезеңде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын ұлғайту және индустрияландыру мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.