Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды

Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды

Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды
ашық дереккөзі
Петропавлда антисанитарлық жағдайда алкоголь өнімдерін шығарып келген жасырын цех анықталды деп хабарлады turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цехты анықтады. Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.