Петропавлға келген ресейлік жігіт жоғалып кетті

Петропавлға келген ресейлік жігіт жоғалып кетті

Петропавлға келген ресейлік жігіт жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден 12 тамыз күні Петропавлға келіп, кейін із-түзсіз жоғалған Александр Киржаға іздеу жарияланды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Волонтерлер таратқан ақпаратқа сүйенсек, Александр Викторович Киржа 11 тамыз күні «Петухово» темір жол станциясы арқылы Қазақстанға өткен. Пойызбен Петропавлға келіп, хабарсыз кеткен. Александр Киржа Ресейдің азаматы, 1998 жылы туған. Бойы 194 см, шашы қара, қой көзді. Сол күні үстінде қызыл футболка, көк шорты, қара былғары аяқ киім және қолында қара рюкзагы болған. Жігітті көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласа алады. Бірер күн бұрын Петропавл полицейлері Жұмысшы кентінің 15 жастағы тұрғынына іздеу жариялады. Қыз сағат 19.00 шамасында үйден кетіп, қайтып оралмаған. Телефоны өшірулі тұрған. Жасөспірімді іздеуге криминалдық полиция, көлік патрулі, учаскелік және ювеналдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Волонтерлер мен әлеуметтік желілердің танымал парақшаларының әкімшілері қосылды. Нәтижесінде қызды түнде Хромзавод шағын ауданындағы таныстарының үйінен аман-есен тауып алды. Жедел уәкілдер баланы ата-анасына тапсырды. Жалпы, жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмағандар туралы 68 өтініш тіркелген. Барлығы табылды, көпшілігінің жүрген жері кезекші тәулік ішінде анықталды.