Бейбіт Жукаев Ыстамбұл турнирінде табысты өнер көрсетті

Бейбіт Жукаев Ыстамбұл турнирінде табысты өнер көрсетті

Бейбіт Жукаев Ыстамбұл турнирінде табысты өнер көрсетті
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік рейтингте 357-сатыда тұрған Б.Жукаев ширек финалда әлемнің 108-ракеткасы, молдовалық Раду Алботты жеңіп кете жаздады деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші табанды қарсылық көрсеткеніне қарамастан 2:6, 6:4, 6:7 (4:7) есебімен жол берді. Ақтау теннис мектебінің түлегі 19 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Ыстамбұл жарысының ширек финалына шығуы нәтижесінде Б.Жукаев алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингте 323-орынға көтеріледі.