«AMANAT» партиясының Жастар қанаты Головкинді қолдауға шақырды

«AMANAT» партиясының Жастар қанаты Головкинді қолдауға шақырды

«AMANAT» партиясының Жастар қанаты Головкинді қолдауға шақырды
ашық дереккөзі
«Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев мексикалық боксшы «Канеломен» жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдауға шақырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Достар, санаулы күндерден соң жерлесіміз, халық чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен трилогиясын өткізбек. Әлемдік ареналарда қазақ елінің байрағын желбіретіп жүрген отандасымызға ел болып сәттілік тілеп, жанкүйер болайық. Сіздер үшін барлық аймақтардағы «Жастар Рухы» ұйымдастыратын арнайы көрсетілімде чемпионға бірге қолдау көрсетейік. Әлеуметтік желілерде #РухтастарGGGқолдайды #GGGалға хэштегін пайдаланып, өз фото/видеоларыңызбен бөлісе отырыңыздар. Бүкіл жанарды жаулаған жекпе-жекті рухтастармен бірге көруге шақырамын», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.