Сейсенбі, 29 Қараша, 2022

Жетісуда мотоцикл мінген 14 жастағы оқушы қайтыс болды

Жетісу облысында мотоцикл мінген оқушы қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 қыркүйек күні Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында болған.

«14 жастағы оқушы қытайлық мотоциклді басқарып, екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатқан кезде Nissan Maxima автокөлігімен соқтығысқан», – деп жазылған Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button