Өскеменде дәрігерлерге арналған көпқабатты үй салынады

Өскеменде дәрігерлерге арналған көпқабатты үй салынады

Өскеменде дәрігерлерге арналған көпқабатты үй салынады
ашық дереккөзі
ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша дәрігер тапшылығы әлі де сезілуде. Соған орай жастарды осы салаға тарту үшін бірқатар жоба қолға алынуда деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оның бірі – ақ халаттыларды баспанамен қамтамасыз ету.
«Облыста медицина кадрлары жетіспеушілігі бойынша мәселе бұрынғыдай өзекті. Әсіресе, Өскемен, Риддер, Алтай қалаларында және Глубокое ауданында дәрігер жетіспейді. Биыл медициналық оқу орындарының 91 түлегі Шығыс Қазақстандағы ауруханаларға жұмысқа тартылды. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, осы жылы Өскеменде дәрігерлерге арналған көпқабатты үйдің құрылысы басталуы тиіс. Сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдері медицина қызметкерлеріне берілетін үйлердің жобаларын ұсынады.