Головкин-«Канело» трилогиясында Әнұранды Димаш Құдайберген орындайды

Головкин-«Канело» трилогиясында Әнұранды Димаш Құдайберген орындайды

Головкин-«Канело» трилогиясында Әнұранды Димаш Құдайберген орындайды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін алғашқы жеке концерті жайлы «1001 түн» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берген Қанат Айтбаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Гена телефон соғып, «елдің атынан өнер көрсетіп жатырмын, сондықтан Әнұранды айтып беруіңді сұраймын» деп қолқа салды. Өзінің концерті тақалып тұрғанына қарамастан, соған барып келмек. «Елдің абыройы, маған деген құрметі ғой, үлкен сенім артып отыр» деген оймен соған кетті. Алла тілегіңді берсін деп шығарып салдым. Енді жеңіспен келсін деп тілеп отырмыз. Екеулеп үлкен жеңіске жетіп, елді қуанытыңдар дедім», - деді Димаштың әкесі.
Айта кетейік, Головкин-Канело жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.