Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті деп хабарлады turkystan.kz. Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айдос Сұлтанғали қола медальге ие болды. Ол үшінші белдесуде венгриялық Кристиан Кечкеметті 7:1 есебімен жеңді. Аталған әлемдік сында Айдос жартылай финалға дейін сүрінбей, финал жолдамасына таласта қырғыз балуанына есе жіберген болатын.
Жүктелуде...