Әзербайжанның 50 сарбазы қаза тапты

Әзербайжанның 50 сарбазы қаза тапты

Әзербайжанның 50 сарбазы қаза тапты
ашық дереккөзі
Қыркүйектің 12-сінен 13-іне қараған түні Армения қарулы күштері Әзербайжан-Армения мемлекеттік шекарасының Дашкасан, Калбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында ауқымды арандатушылық әрекеттер жасады деп хабарлады turkystan.kz Әзербайжан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Армения тарапынан жасалған ауқымды арандатудың алдын алу кезінде Қарулы Күштердің 50 әскери қызметкері, оның ішінде Әзербайжан армиясының 42 әскери қызметкері және Мемлекеттік шекара қызметінің 8 әскери қызметкері шейіт болды. Қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген министрлік таратқан хабарламада.