Екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өтетін үшінші кездесуінің алдында оған жоғары баға берді деп хабарлады turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. Дегенмен, «Канело» 40 жастағы Головкиннен шеберлігінің басым екендігіне күмәмданбайтынын жеткізді.
"Сөз жоқ, ол - мықты боксшы. Сонымен қатар ол - қиын қарсылас, айлакер жекпе-жек шебері. Ол - өз заманындағы даңқты спортшылардың бірі. Мен - бұл спорт түрінен біраз жетістіктерге жеткен мықты боксшымын. Спаррингтерім де көп болды. Қазір менің күш-қуатым мықты болып тұрған уақыт. Менің Головкиннен ерекшелігім де осында", – деп мәлімдеді Альварес Matchroom Boxing-те .Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңда) өтеді.