Жұма, 2 Желтоқсан, 2022

Қытайда төтенше жағдай режимі жарияланды

Қытай билігі елдің шығыс жағалауына таяп қалған «Муифа» тайфунына байланысты 4-ші деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Болжам бойынша, дүйсенбі, 12 қыркүйекте тайфун Шығыс Қытай теңізіне қарай жылжиды. 12-16 қыркүйек аралығында Чжэцзян, Цзянсу, Шаньдун провинцияларының кейбір аудандары мен Қытайдың Шанхай қаласында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал», – деп хабарлады ҚХР Төтенше жағдайларды басқару министрлігі.

Синьхуа басылымының мәліметінше, ҚХР-дың Су тасқынына және құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық штабы апаттың алдын алу, жою жұмыстарына көмектесу және оған басшылық ету үшін Цзянсу және Чжэцзян провинцияларына екі жұмыс тобын жіберді.

Штаб мәліметінше, мониторингілеуді және тайфуннан келетін табиғи апаттардан қорғануды күшейту үшін күш салу керек. Сонымен бірге кемелерге порттарды паналауға және теңізшілер мен теңіздегі қондырғы қызметкерлеріне жағаға оралуға нұсқау берді.

Айта кетейік, төртінші деңгей – Қытайдың төрт деңгейлі төтенше жағдайларға жауап беру жүйесіндегі ең төменгісі.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button