Қарағанды облысында 200 мұғалімнің орны бос тұр

Қарағанды облысында 200 мұғалімнің орны бос тұр

Қарағанды облысында 200 мұғалімнің орны бос тұр
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында 200 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Облыста физика, математика, химия және орыс тілі оқытушыларының жетіспеушілігі байқалады. Мұғалімдердің тапшылығына байланысты кейбір мектеп басшылары зейнеткерлермен келісімшартты ұзартуға мәжбүр.
«Жыл басынан бері 728 оқытушы қажет болды. Бүгін біз 500-ге жуық мұғалімді жұмысқа қабылдадық. Кейбір мектептерде конкурс өткізіледі. Көптеген мұғалімдер басқа қалаға көшеді. Иә, кадр жетіспеушілігі проблемасы бар», - дейді облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.
Сонымен қатар Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының екі мектебі апатты жағдайда тұр. Оларды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы ғана басталатындықтан, оқушылар ескі ғимаратта тағы бір оқу жылын өткізуге мәжбүр болады. Ведомство басшысы облыс мектептерінің 80%-ы кеңес өкіметі кезінде салынғанын және бүгінде тозғанын жасырмады.