Қазақстанның боксшы қыздары халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстанның боксшы қыздары халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстанның боксшы қыздары халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Бокстан Қазақстан командасы Польшадағы әйелдер арасындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыздың қоржынында 11 медаль бар деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Алтын медальді Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді. Валентина Хальзова сайысты екінші орынмен аяқтады. Үшінші тұғырға Балауса Мұздыман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева көтерілді.