Шығыс Қазақстан облысында өртке байланысты Катонқарағай мен Алтай аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Аудан әкімдіктерінің тиісті шешімі «Ашық» НҚА сайтына шықты. Бұл туралы turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
«Табиғи сипаттағы жарияланған төтенше жағдайды жою басшысы болып Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Расул Мырзабекұлы Карабалинов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», – делінген Катонқарағай ауданы әкімінің хабарламасында.Сонымен қатар ол осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіне қалдыратынын, шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетінін атап өтті.