Ғалымдар әлеуметтік желі адамның психикасына қалай әсер ететінін зерттеді

Ғалымдар әлеуметтік желі адамның психикасына қалай әсер ететінін зерттеді

Ғалымдар әлеуметтік желі адамның психикасына қалай әсер ететінін зерттеді
ашық дереккөзі
Эксперимент барысында ғалымдар 642 еріктіні жинап, оларды төрт топқа бөліп, төрт апта бойы бақылап отырды. Бохумдағы Рур университетінің  зерттеушілері әлеуметтік желіде өткізетін уақытты азайту психикалық денсаулыққа қалай әсер ететінін зерттеді. Бірінші топта әлеуметтік желідегі уақытын күніне 30 минутқа азайтқан адамдар болды. Екінші топтағы адамдар дене белсенділігін күніне 30 минутқа арттырған. Үшінші топтағы адамдарға бірінші және екінші топтағы шарттар берілді, бірақ әлеуметтік желіде аз уақыт отыруды сұрады. Төртінші топ бақылаушы болды. Зерттеу нәтижесінде үшінші топ қатысушыларының психикалық әл-ауқаты оң нәтиже берген. Олардың өмірге деген құштарлығы артып, депрессия белгілері азайған. Бұл әсер сынақ аяқталған соң алты айдан кейін де сақталған.