Трамп Солтүстік Кореяға салынған санкциялардан бас тартпайды

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға салынған санкциялардан бас тартпайтынын мәлімдеді.

1 қаңтарда Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ын елінің құрлықаралық баллистикалық зымыран құрудың «соңғы кезеңінде» тұрғанын мәлімдеп, таяу уақытта сынайтын боламыз деген. Трамп «Твиттер» желісіне бұл болмайды деп жазды.

Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі Трамп 2016 жылдың 8 қарашасында президент болып сайланған күні КХДР-дің ядролық бағдарламасын еске алғанын атап өтті.

2016 жылдың қараша айында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қатысты ядролық сынақтарына жауап ретінде жаңа санкциялар енгізген.

2016 жылы Солтүстік Корея екі рет ядролық қару сынағын өткізіп, бірнеше мәрте баллистикалық зымыран ұшырған.

Back to top button