Қазнетте тараған бейнероликте автор Қостанай облысындағы ауқымды орман өртінің себебін жария еткен. Оның айтуынша, тілсіз жау әскери ұшақ қателесіп тастаған бомба салдарынан туындаған. Бұл - жалған деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Кадр сыртындағы дауыс Қазақстаннан мас ұшқыш басқарған ресейлік ТУ-95 ұшағы ұшып өткенін айтады. Оның кінәсінен елімізге бомба тасталған. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
– Қазақстан Республикасы аумағынан рұқсатсыз ұшып өткен шетелдік әуе кемелері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.Қазіргі кезде өрттің нақты шығу себептері анықталуда. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, мамандар бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр.