Елордада «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай іс-шара өтті

Елордада «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай іс-шара өтті

Елордада «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай іс-шара өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай іс-шара өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жиында ғасырлық тарихы бар басылымның өткені мен бүгіні сөз болды. Басылымда әр жылдары жұмыс істеген Сыдық Абланов, Жайық Бектұров, Ғайса Сармурзин, Кемел Тоқаев, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Жақсылық Сәтібеков, Тынышбай Рақым және өзге де қаламгерлердің еңбек жолы айтылды. Сондай-ақ қазақ баспасөзінің қазіргі ахуалы туралы да әңгіме қозғалды. Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Аq jol» газетiнiң ардагері Елен Әлімжан, жазушы, Қазақстанның Еңбек сiңiрген қайраткері, «Aq jol» газетiнiң ардагері Көсемәлі Сәттібайұлы, «Aulieata-Media» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт және т.б. қатысты. Мәлік Отарбаев Президенттің «Aq jol» газетінің 100 жылдығымен, ал Нұрбек Амиша Ақпарат және қоғамдық даму министрінің құттықтау хатын тапсырды. Айта кетсек, облыстық «Aq jol» газетінің жарық көргеніне биыл 100 жыл толып отыр. 1922 жылы «Кедей еркі» деген атпен жарық көрген тарихи газет әр жылдары түрлі атаулармен шығып тұрды. Ал 1990 жылдан бастап «Aq jol» атымен аталады. Бір ғасыр бедерінде ата басылымда қазақтың көптеген қайраткер азаматтары жұмыс істеді.