25 қазан Республика күні болып белгіленді

25 қазан Республика күні болып белгіленді

25 қазан Республика күні болып белгіленді
ашық дереккөзі
25 қазанды ұлттық мереке деп белгілеу ұсынылады. Бұл күні қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Мәжіліс депутаттары Бірінші Президент күнін мемлекеттік мейрам санатынан алып тастауды мақұлдады.
«Яғни, 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін  мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.