Индонезияда тұратын әлемнің ең қарт адамы Сапарман Содимеджо 31 желтоқсанда 146 жасын атап өтті. Ол салтанатты шараны Ява аралында өзінің жақындары мен туғандарымен өткізді. Сапарман Содимеджо бұрыннан Жер планетасының ең қарт адамы ретінде белгілі. Ол 146 жасында ер адам жақсы қалыпта, өздігімен жүреді және өз жасынан жасырақ көрінеді. Сапарман Содимеджо 1870 жылы Индонезияда дүниеге келген. Ер адам бейресми түрде планетаның ең қарт адамы саналады. Ал құжаттамада ресми ұзақ жасаған адам Италия тұрғыны Эмма Морано болып есептелінеді. Ол 2016 жылы 117 жылдығын атап өтті.
Жүктелуде...