Шымкентте 8 мың тоннаға жуық мазут заңсыз сатылған

Шымкентте 8 мың тоннаға жуық мазут заңсыз сатылған

Шымкентте 8 мың тоннаға жуық мазут заңсыз сатылған
ашық дереккөзі
Шымкентте 1,1 миллиард теңгеден асатын 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сатқандар анықталды деп хабарлады turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. ҚМА мәліметінше, екі кәсіпкер мазутты белгісіз біреулерден сатып алып, кейін оның шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз әр түрлі компанияларға заңсыз сатқан.
«Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.