Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мемлекеттің елшіcінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мемлекеттің елшіcінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мемлекеттің елшіcінен сенім грамоталарын қабылдады
ашық дереккөзі
Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысына Ливия елшісі Аладдин Абдулсалам Лехуайк, Кувейт елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари, Словакия елшісі Роберт Кирнаг, Алжир елшісі Камал Фениш және Кения елшісі Бенсон Генри Оума Огуту сенім грамоталарын табыс етті. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттармен әңгімелесу кезінде оларды еліміздегі дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бейбіт және ашық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. Іс-шара соңында Президент түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктердің бар екенін айтып, елшілерге елімізде игі міндеттерін орындауда Қазақстан Үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.