Қытайлық мемкопаниялар басшылары жылына 100 мың доллар алады

Қытайдың мемлекеттік кеңесі елдің мемлекеттік кәсіпорындарын басқаратын тұлғалардың жалақы деңгейі туралы деректерді жариялады, деп хабарлады жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап «Коммерсант». Корпоративтік басшылықтың бірқатар өкілдерінің ең көп жылдық табысы 1 млн юаньды (144 мың доллар), ең азы – 40-50 мың юаньды құрайды.
Статистикаға сәйкес мемлекеттік сектор директорлары арасында 15 адам ғана миллиондық табыс алады. Атап айтқанда, бұл топқа China Merchants Group басқармасының төрағасы Ли Цзяньхун да жатады. Оның бір жылдық жалақысы 1,2 млн юаньды ($172,8 мың) құрайды. 40 шақты басшы 800 мың юань алатын болып шықты. Олар негізінен, электрмен жабдықтау саласындағы кәсіпорындарды басқаратындар. Қытай үкіметінің деректеріне сәйкес мемлекеттік компаниялар директоратының жылдық жалақы деңгейі 500-700 мың юаньды (72-100 мың доллар) құрайды.
Жергілікті шолушылар атап өткендей, мемлекеттік сектор бойынша жарияланған табыс деңгейі Қытайдың бірқатар жеке компанияларының басшыларына қарағанда, бірнеше есе төмен болып шықты. Еске салсақ, Forbes басылымы қарашада ресейлік компаниялардың ең көп табыс табатын басшыларының жыл сайынғы рейтингін ұсынды.
Бірінші орында «Газпром» басшысы Алексей Миллер – – $17,7 млн. «Роснефти» президенті Игорь Сечин – екінші орында ($13 млн). Үшінші орында Сбербанк басшысы Герман Греф ($11 млн), төртінші – ОНЭКСИМ тобының бас директоры Дмитрий Разумов, бесінші – USM Advisors-тан Иван Стрешинский – олардың табысы – $10 млн. 

Back to top button