Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
2 қыркүйекте Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 2 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі) және Риддер (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.