Дархан Сатыбалды мен Қайрат Сатыбалдыны не байланыстырады?

Дархан Сатыбалды мен Қайрат Сатыбалдыны не байланыстырады?

Дархан Сатыбалды мен Қайрат Сатыбалдыны не байланыстырады?
ашық дереккөзі
Бұл - көпшілік арасында жиі қойылып жатқан сауалдардың бірі. Жаңадан сайланған Түркістан облысы әкімінің қамауда отырған Қайрат Сатыбалдымен туыстық байланысы бар-жоғын zakon.kz тілшілері анықтап көрді деп хабарлады turkystan.kz.
«Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қайрат Сатыбалдының туысы емес», - делінген  облыс әкімдігінің ресми сауалға берілген жауабында.
Сондай-ақ 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Түркістан облысының жаңа әкімі отбасы туралы айтып берген.
«Мен өзім көпбалалы отбасынанмын. Алты ұлмыз. Мен бесіншісімін, менен кейін інім бар. Мемлекеттік қызметте жалғыз мен ғана жұмыс істеймін. Қалғандары бизнесмендер», - деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Осылайша, екі азаматтың фамилиялары ұқсас демесеңіз, туыстық байланыстары жоқ болып шыққан.