Елордада Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM мектебі ашылды

Елордада Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM мектебі ашылды

Елордада Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM мектебі ашылды
ашық дереккөзі
Елордада BINOM жаңа буынының бесінші мектеп-лицейі есігін айқара ашты деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жаңа мектепке қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев және «Білім болашағы» коммерциялық емес ұйымының өкілдері қатысты. Енді BINOM оқу орындарына білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың есімдерін алатын болады.
«Аталмыш мектеп-лицейде оқыту екі тілде жүргізіледі, қабылдау ҚР Білім министрлігінің үлгілік қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Жобалық қуаттылығы – екі ауысымда 4 мың оқушы орны. Заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, мектептің материалдық-техникалық базасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Елордада 2022 жылы тағы 11 мектеп салынады. Осылайша 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады. Сонымен қатар, елордада мектеп салу үшін 72 жер учаскесі белгіленді. Жалпы алаңы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді.