«Банк қызметкерімін»: 100-ге жуық адамды алдаған алаяқ әйел елордада ұсталды

«Банк қызметкерімін»: 100-ге жуық адамды алдаған алаяқ әйел елордада ұсталды

«Банк қызметкерімін»: 100-ге жуық адамды алдаған алаяқ әйел елордада ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Жамбыл ауданында өзін «банк қызметкерімін» деп жұртты алдап, несие рәсімдеген әйел елордада ұсталды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Әйел кепілдегі тұрмыстық техника мен әшекей бұйымдарды таныстары арқылы ақшалай шығарып беремін деп сендірген. Алайда не ақша, не тауарды көрмеген халық банктерге белшесінен қарызға батқан. Осылайша, қос-қостан қарызға батқандар енді пайдаланбаған несиені төлеуге мәжбүр. Күдікті әйел  97 адамды алдап кеткен. Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Келтірілген шығын сомасы 100 миллион теңгеден асады. Қылмыстық іс тіркелгеннен кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан бойтасалауына байланысты іздеу жарияланды. 28 тамыз күні жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті әйел Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды. Қазір қамауға алынды. ҚК-тің 190-бап 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Жамбыл ауданы ПБ бастығының орынбасары Жарқын Есжанов.