Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшы,  әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен өткізді. Қарсыластар осыған дейін бір рет жолыққан. Онда америкалық спортшы ұтқан еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді. Юлия екінші айналымда германиялық Юле Нимайермен кезедеседі.