«Шұғылалы әңгімелер» ертегілер байқауы жарияланды

«Шұғылалы әңгімелер» ертегілер байқауы жарияланды

«Шұғылалы әңгімелер» ертегілер байқауы жарияланды
ашық дереккөзі
Steppe and World баспа үйі Қазақстандағы БҰҰ-мен бірлесе отырып, балалар жазушылары арасында «Шұғылалы әңгімелер» ертегілер байқауын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Байқау шарттарына сәйкес, сюжеттер қыздар мен ұлдар үшін қазіргі заманға лайық рөлдік модельдер; бейбітшілік пен достық; жаһандық, мәдениеттер мен этностар арасындағы қатынас; белсенді әке болу және отбасы міндеттерін тең атқару; моно ата-аналарға қолдау; осал топтарды қорғау; инклюзив қоғам; экология мен қоршаған ортаға қамқорлық турасында болуы шарт. Дәстүрлі ертегілердің қазіргі заманға сай бейімдеп, қолдануға рұқсат етіледі» деп жазды «Steppe & World» баспа үйінің негізін қалаушы Раиса Қадыр.
Контент 7 жасқа толмаған балаларға бейімдеп жазылуы керек. Ертегі қазақ тілінде болуы міндетті. Әңгіменің көлемі 800-1000 сөз болуы тиіс. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Редакторлар үздік ертегілерді іріктеп, Қазақстандағы БҰҰ қолдауымен ертегілер жинағын басып шығарады. Үздік авторлармен авторлық құқық бойынша келісімшарт жасалып, арнайы сыйақы төленеді.