Атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды

Атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды

Атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды
ашық дереккөзі
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі мүсінші Тілеуберді Бинашев өмірден өтті деп хабарлады turkystan.kz. Мүсіншінің қайтыс болғанын ҚР Суретшілер одағының мүшесі Марлан Нысанбаев хабарлады.
«Досымыз, әріптесіміз, белгілі мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Академия мүшесі. ҚР өнер қайраткері Тілеуберді Бинашев өмірден өтті. Иманы саламат болсын» деп жазды Марлан Нысанбаев.
Тілеуберді Бинашев 1956 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның туындылары, атап айтқанда, Күләш Байсейітова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов ескерткіштері, Райымбек даңғылындағы этнографиялық мүсіндері Алматының сәулет келбетін, сонымен қатар А.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай коллекциясын безендіріп тұр.