Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне жойқын су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы жеделхатта:
«Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді».
Айт кетейік, Пәкістан аумағының басым бөлігінде қатты нөсер жауып, су тасқыны болды. Оқиға салдарынан 982 адам қаза тауып, 1456 адам жарақат алған. Пәкістан үкіметінің мәліметінше, су тасқыны 2 млн гектарға жуық егінге зиян келтіріп, 802 мың бас малдың шығынына әкелді. Қазір Пәкістанның көптеген жерінде жолдар шайылып, халықтың бір бөлігі азық-түлік пен жарықсыз қалды. Сондай-ақ 3 мың шақырымға жуық жол мен 149 көпір қирады.