Құтлық қаған бітіктасының мәтіні оқылды

Құтлық қаған бітіктасының мәтіні оқылды

Құтлық қаған бітіктасының мәтіні оқылды
ашық дереккөзі
Халықаралық Түркі академиясы Елте­ріс Құт­лық­ қаған бітіктасы мәтінінің алғашқы оқылымын  жариялады. Бұл туралы Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

ҚҰТЛҰҚ ҚАҒАН БІТІКТАСЫ МӘТІНІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОҚЫЛЫМЫ

Ғылыми экспедиция мүшелері: Д.Қыдырәлі, А.Энхтөр, Н.Базылхан, Н.Бөгенбаев, Ц.Буянхишиг, Г.Батболд Бітіктастың жалпы өлшемі 70х74,5 см, ені 19 см. Аталған бітіктастың әр қырында мәтін жазылған. Алайда қазір алдын-ала зерттеу бойынша бет тұсының 19 жолынан 12 жолы жақсырақ сақталынған және алдын-ала оқылымы мынадай: № 1 Ud yïl: toquzunč: ay: …[……….] Сиыр жылы: тоғызыншы ай 2 …… .... 3 …..Teŋri: oγlu: [……….] ..Тәңірі ұлы 4 Qutluγ qaγan: Türük [……….] Құтлұқ қаған : Түрік 5 Ur oγlum: M[k]ön…..yü…[……….] Ұл балам, көз... 6 Biziŋ:öŋlig:..t.. [……….] Біздің..... 7 es[?] : Ïtdïm: bizi: yat: er: [……….] Жасадым: бізді жат: ер.... 8 Yerde: …..tuz…..[……….] Жерде... 9 Tümen: Tümen: [……….] Түмен :түмен 10 es[?] el[is]ig [?]:küčüg: biz[ber-?] Істі күшті бер.... 11 Atadïm: bi tidim [……….] Атадым: бі..тідім... 12 es[?] : Qop ešti [……….] Көп естідік   Академия басшысы мәтіннің қалған бөлігі кейін жарияланатынын жеткізді.Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі экспедицияға қатысқан, жаңалықты ашқан - Напил Базылхан, А.Энхтөр, Нұрболат Бөгенбаев және басқа да әріптестерін құттықтап өтті.