«Табысқа апарар жол» NIS-тен басталады

«Табысқа апарар жол» NIS-тен басталады

«Табысқа апарар жол» NIS-тен басталады
ашық дереккөзі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты бірінші республикалық жас мұғалімдер форумы өз жұмысын тәмамдады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова форум қатысушыларын өзінің табысты және шығармашыл әріптестері ретінде атай алатынын мақтанышпен жеткізді:
"Біз, ұстаздар, болашақ премьер-министрлер мен президенттерді, ұлт қаһармандары мен әлем жұлдыздарын, ең бастысы, нағыз патриоттар мен бақытты адамдарды кездестіріп, оқытамыз. Бүгінде еңбек жолын бастаған әрбір жас маман өз өмірін мектепке, балаларға арнайды".
Республикалық форум жас мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған NIS-тің  ауқымды жобасын жалғастырды. Идеяның өзі жас ұстаздардың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесуден кейін туған.  Елордада, Өскеменде, Қарағандыда, Алматыда, Павлодарда, Қостанайда бірқатар кейс-сессиялар өтті.
"Технология мен экономиканың қарқынды дамуы білім саласына қуатты серпін береді.  Бүгінгі таңда мұғалімдердің заман талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды.  Мұғалім – қашанда сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке, бірақ әрқашан әлемдік білім беру тенденцияларына сай болуы керек", – деп педагогтердің кәсіби дамуы мен мамандықтың логикалық эволюциясының ерекше маңызын Күләш Шәмшидинова атап өтті.
TEDTalk-те форумға қатысушылар мотивациялық спикерлерді ыстық ықыласпен қарсы алды,  жас ұстаздар алдында өз кәсібінде табысқа жеткен беделді қазақстандықтар сөйледі.  width= WikiBilim қоғамдық қорының негізін қалаушы және басшысы, сұранысқа ие Bilim Media Group электронды білім беру компаниясының директоры, интернеттің қазақтілді сегментін өзгерткен Рауан Кенжеханұлы өз сөзінде: – Әкемнің ұлттық валютаны алғаш рет үйге әкелгені есімде, біз еліміздің бірінші Конституциясын жетік білдік, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуды армандадық. Мен бір кездері дипломатиялық мансап, журналистика, кәсіпкерлікті армандадым, осы армандарым орындалды. Бүгінде елімізде жастардың табысты болуына барлық жағдай жасалған. Мен диплом бойынша мұғалім емеспін, алайда білім беру жүйесінде жұмыс істеу – менің өмірлік таңдауым. Мұғалім әрбір адам үшін ата-анадан кейін өте маңызды тұлға, ал мектеп – әр елдегі ең маңызды институт. «Астана» телеарнасының жұлдызды хабарларында танылған журналист, «Ретро FM», «Европа плюс», «Орда FM» радиосының жүргізушісі, актриса Майра Төлепберген білімі мен мамандығы бойынша екі ұстаздың қызы ретінде ұстаздық мамандықтың тек жүрек қалауымен таңдалатынына сенімді. Танымал актер, отандық және шетелдік блокбастерлердің басты кейіпкері, «Параолимпиец» және «Нулевой пациент» фильмдеріндегі рөлдерімен танылған Асқар Ілиясов та ұстаздың ұлы. Баланы жақсы көргенде ғана кәсіпте жетістікке жететініне сенімді Асқар ұстаздарды оқушыдан алшақ тұратын қатал ересек емес, баламен әркез бала болуға шақырды.
«Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев NIS күшімен құрылатын жас педагогтердің қауымдастығы олардың әлеуетін кеңейту үшін үлкен кәсіби алаң екенін атап өтті. Өкінішке орай, бүгінгі таңда елімізде жас педагогтермен тікелей жұмыс істейтін, ең алдымен, озық тәжірибелермен алмасуға көмектесетін ұйым жоқ. «Мен жастар – бұл еліміздің болашағы да, бүгіні де деп айтар едім», – дейді ол.
Ұлыбританиядан NIS-пен ұзақ уақыттан бері табысты ынтымақтастық орнатқан Кембридж университетінің білім беру факультеті өкілі Элейн Уилсон жас оқытушылар қатарына қосылды. – Қазақстанда Педагогикалық шеберлік орталығы тарапынан әзірленген мұғалімдерді кәсіби даярлаудың көптеген жақсы бағдарламалары бар. Ұстаздар үнемі білімдерін жетілдіріп отырады, бұл сіздің елдің біліктілікті арттыруда жетекші екенін дәлелдеп отыр. Бәрін білемін деп ойламаңыз, оқи беріңіз, оқи беріңіз, – деген Элейн Уилсон форум қатысушыларына сәттілік тіледі. Екі күн шығармашылық талпынысқа, жаңа таныстықтарға, кәсіби жаңалықтарға, өршіл жобаларға, шабыттандыратын тренингтер мен шеберлік сағаттарына толы болды.