Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа ескерту жасады (ВИДЕО)

Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа ескерту жасады (ВИДЕО)

Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа ескерту жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Айтыскер Ринат Зайытов соңғы сұқбаттарының бірінде Бекболат Тілеуханды «Қаңтар оқиғасы» болатынын білді және оны халыққа ескертпеді деп айыптаған еді. Көп ұзамай, Түркияда тұрып жатқан қоғам қайраткері айтыскердің сөзіне пікір білдірді деп жазды turkystan.kz. «Мысалы, Қосановтың сатып кететінін сен білдің бе? Меніңше, білген жоқсың деп ойлаймын. Енді келіп маған бірдеңені таңасың. Әлде өзіңде күмән болды ма, бірдеңені білдің бе? Бүгін құйысқаның көтеріліп жатыр, байқа, Ринатжан! Мен сияқты қазақтың қамына өмірін арнаған адамдардың етегіне жабысып атақ жинамайсың. Ал, мен сияқты адамды жыққанмен, кейін кезек сендейлерге де келеді», - деді Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде тараған видеода. Сондай-ақ ол сөз арасында Ахмет Байтұрсынұлы мен Абай Құнанбайұлының өмірінен мысал келтірді.