Үсік жүреді: тоғыз облысқа дауылды ескерту жарияланды

Үсік жүреді: тоғыз облысқа дауылды ескерту жарияланды

Үсік жүреді: тоғыз облысқа дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Ауа райына байланысты 24 тамызда еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде -2°С үсік жүреді. Атырау облысында күндіз +35°С ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +35°С қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде -2°С үсік болуы мүмкін. Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі, топырақ бетінде -2°C үсік болады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында күндіз облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с болады. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.