24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді деп хабарлады turkystan.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенат депутаттарын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталады. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр. Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген. Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады. Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланып отырады - https://t.me/electionelection.
Жүктелуде...