Талдықорғанда әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Талдықорғанда әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Талдықорғанда әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Талдықорғанда ер адам әйелді соққыға жыққан. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желілерде 20 тамызда жарияланған. Кадрлардан ер адам көшеде отырған әйелді бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Кейін ол оны ғимаратқа кіргізуге тырысады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🔊ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ🔊 (@gres_info)

Жетісу облыстық Полиция департаментінің өкілі видеодағы ер адамды іздеу жұмыстары басталғанын айтты.
«Бұл оқиға 20 тамызда кешке Талдықорғандағы Қабанбай батыр көшесінде, ақын Сара көшесіне жақын маңда болған. Қалалық полицияға хабар, арыз түскен жоқ. Бұл дерек бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажет іс-шаралар ұйымдастырылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерінен 102-ге хабарласуды сұрайды.