БҚО-да құс фабрикасы өртенді (ВИДЕО)

БҚО-да құс фабрикасы өртенді (ВИДЕО)

БҚО-да құс фабрикасы өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасында өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға 20 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болды. «Сағат 12:20-да ауыл маңында орналасқан құс фабрикасының цехы өртеніп жатқаны жөнінде хабар түсті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 21 адам (5 техника) жұмылдырылды. Өрт сағат 14:13-те толықтай жойылды. Өрт салдарынан жалпы аумағы шамамен 1 875 шаршы метр құсқа арналып салынған цех түгелдей жанып кетті. Адамдар аман. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталып жатыр», - деп хабарлады БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.