«Барыс» шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогінің жеңімпазы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен сынға түсті. Басында «Металлург» 4 ұпаймен алда еді. Ал «Барыстың» еншісінде 3 ұпай болатын. Есепті ресейлік хоккейші Филипп Майе ашты. Одан кейін «Барыс» сапынан Дінмұхамед Қайыржан - 33, Джереми Бракко - 34, Энтони Луис 37-минуттарда үш шайба соқты. «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Екінші орынды «Металлург» командасы алды. Үздік үштікті «Автомобилист» командасы түйіндеді. Турнир 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.
Жүктелуде...