Сегіз жастағы қазақстандық қыз FIDE халықаралық сыйлығын жеңіп алды

Сегіз жастағы қазақстандық қыз FIDE халықаралық сыйлығын жеңіп алды

Сегіз жастағы қазақстандық қыз FIDE халықаралық сыйлығын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Дилайла Сәдуақасова Халықаралық Шахмат федерациясының FIDE сыйлығын жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасап.

«Қазақстан өкілі, сегіз жастағы Дилайла Сәдуақасова - «Азия құрлығындағы көрнекті инфлюенсер. Әлеуметтік желі жұлдызы» категориясы бойынша жеңімпаз атанды», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Қыз «Дилайланың шахмат хикаялары» атты мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапатталған. Онда ол шахматтан әлем чемпиондары туралы әңгімелейді. Марапатқа ие болған әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала.