Дилайла Сәдуақасова Халықаралық Шахмат федерациясының FIDE сыйлығын жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасап.
Қыз «Дилайланың шахмат хикаялары» атты мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапатталған. Онда ол шахматтан әлем чемпиондары туралы әңгімелейді. Марапатқа ие болған әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала.«Қазақстан өкілі, сегіз жастағы Дилайла Сәдуақасова - «Азия құрлығындағы көрнекті инфлюенсер. Әлеуметтік желі жұлдызы» категориясы бойынша жеңімпаз атанды», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.