19 тамыздағы ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде тұман түсіп, жер бетінде 2 градус үсік күтіледі. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с болады. Орал қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады. Жетісу облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, күші 20-25, екпіні 28 м/с болады. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с болады. Күндіз 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында үсік жүруі мүмкін.
Жүктелуде...