Twitter-дегі жазбаны бөліскен әйел 34 жылға сотталды

Twitter-дегі жазбаны бөліскен әйел 34 жылға сотталды

Twitter-дегі жазбаны бөліскен әйел 34 жылға сотталды
ашық дереккөзі
The Guardian басылымының хабарлауынша, Салма әл-Шехаб Сауд режимін (Сауд Арабиясының саясаты) сынаушылардың парақшаларына жазылған және олардың жазбаларымен бөліскен деп жазды turkystan.kz. 34 жастағы Әл-Шехаб Ұлыбританияда тұрып, Лидс университетінде білім алған. Әйел Сауд Арабиясына 2020 жылдың желтоқсан айында демалысқа келгеннен кейін қамауға алынды. Әл-Шехабқа интернет арқылы тәртіпсіздіктер тудырды, қоғамды тұрақсыздандыруға ықпал етті және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді деген айып тағылды. Алғашында әйелге үш жыл берілгенімен, кейін сот жазаны қатайтқан. The Guardian басылымының жазуынша, Салма аш-Шехаб Сауд Арабиясында да, Ұлыбританияда да белсенділікпен айналыспаған. Оның Twitter аккаунтында 2500 оқырманы бар және жазбалары негізінен күнделікті өмір мен балалардың суреттері туралы ғана. Бірақ Әл-Шехаб ара-тұра қуғында өмір сүріп жатқан саудиялық диссиденттердің саяси тұтқындарды босатуға шақырған үндеулерін бөлісіп тұрған.