Партия белсендісі 400 мектеп формасын тегін тарту етті

Партия белсендісі 400 мектеп формасын тегін тарту етті

Партия белсендісі 400 мектеп формасын тегін тарту етті
ашық дереккөзі
«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Ділмұхамед Абизов 400 оқушыға мектеп формасын тарту етті. 
«Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Баланы мектепке даярлайық!» республикалық акциясынан қалалық мәслихат депутаты ретінде мен де қалыс қалмауды жөн көрдім. Аталмыш акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуді көздейді. Осы орайда, «Dalatex» тігін фабрикасында шығарылған 100 мектеп формасы Шиелі ауданы мектептеріне және 300-ге жуық мектеп формасы қала аумағында орналасқан мектептерге сыйға тартылды.  Сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және мектеп формаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 7 000 теңгеден 600 мектеп формасының жиынтығы сатылымға шығарылды» деп жазды Ділмұхамед Абизов әлеуметтік желідегі парақшасында.