Өлім-жітім көрсеткіші бойынша Қазақстан 85-орында

Өлім-жітім көрсеткіші бойынша Қазақстан 85-орында

Өлім-жітім көрсеткіші бойынша Қазақстан 85-орында
ашық дереккөзі
Қазақстан өлім-жітім деңгейі бойынша 229 мемлекеттің ішінде 85-орында тұр деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап. Еліміздің коэффициенті – 8,11. Рейтинг 1000 адамға шаққандағы қайтыс болғандар санын, яғни өлім-жітім коэффициентін есептеуге негізделген. Айта кетсек, рейтингті Сербия, Румыния және Литва ең жоғары өлім көрсеткішімен бастаса, тізімнің соңында Катар тұр. ТМД елдері арасында Украина, Ресей және Беларусь ондыққа енген. Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 9,6%-ға аз. Елімізде өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Алматы облысында тіркелді. Үштіктер қатарында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. Ең төменгі деңгей Маңғыстау облысында тіркелген. Ал елорданы қоспағанда биыл еліміз бойынша өлім-жітім деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалған. Қазақстандағы өлім-жітім жағдайының басым бөлігі қан айналымы жүйесіндегі ауруларға тиесілі. Бұл ауру салдарынан 15,6 мың адам қайтыс болған. Бұдан бөлек, қатерлі ісік, тыныс алу аурулары, жазатайым оқиғалар, улану, жарақаттар, ас қорыту ауруларының салдарын да жатқызуға болады.