Илон Маск «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алатынын айтты

Илон Маск «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алатынын айтты

Илон Маск «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алатынын айтты
ашық дереккөзі
Tesla және SpaceX компанияларының иесі әрі жердегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск өзінің твиттерінде ағылшындардың «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алатынын жазды. Миллиардер тек сатып алатыны туралы жазған, бірақ нақты қашан, қалай алатынын жазбаған. Бұған дейін ол Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алатынын айтып, кейін келіссөз кезінде ойланып қалғанын, сатып алмайтын болғанын айтып сынға қалып еді. Сейсенбі күні кешқұрым Маск өзінің месенджерінде саяси көзқарасы туралы жазба қалдырып, артынан ағылшын клубын сатып алатынын жазған және «рақмет айтпай-ақ қойыңыздар!» деп аяқтаған. Жазба 300 мыңнан артық лайк жинап, қызу талқыға түсті.